weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Астана – Петропавл тасжолындағы жантүршігерлік апат: төрт адам қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысында Астана – Петропавл тасжолында ауыр жол апаты болып, төрт адам көз жұмды. Қайғылы оқиғада Toyota Camry жеңіл көлігі жүк көлігімен соқтығысқан.

Астана – Петропавл тасжолындағы жантүршігерлік апат: төрт адам қаза тапты

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөлік қарсы бағытқа шығып кетіп, жолда келе жатқан фурамен бетпе-бет соғылған. Салдарынан Toyota Camry жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Полицияның хабарлауынша, жеңіл көлік Петропавлдан Көкшетауға қарай бет алған.

«Жеңіл автокөлік жүргізушісі мен үш жолаушысы қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деп мәлімдеді СҚО полиция департаменті.

Айта кетейік, кеше тағы бір ауыр жол-көлік оқиғасы Алматы облысында тіркелді. Автокөлікте бес адам болған — медициналық университеттің төрт студенті және бір турист. Олар Шымкенттен Алматыға жол тартқан. Апат салдарынан Үндістанның екі азаматы ауруханада көз жұмды.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→