weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Облыс әкімдерінің цифрландыру жөніндегі орынбасарлары тағайындалады

Қазақстанның әр өңірінде цифрландыруға жауапты облыс әкімдерінің орынбасарлары тағайындалуы мүмкін. Бұл туралы Jibek Joly арнасына берген сұхбатында Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Облыс әкімдерінің цифрландыру жөніндегі орынбасарлары тағайындалады
Фото: mobilaser

Оның айтуынша, қазір бұл бастаманы іске асыру тетіктері қаралып жатыр. Мақсат — цифрландыруды тек мемлекеттік қызметтермен шектемей, экономиканың барлық саласына жүйелі түрде енгізу.

Jibek joly арнасынан кадр

Вице-министрдің сөзінше, бүгінде әр министрлікте цифрландыруға жауапты вице-министр бар. Енді осы тәжірибені өңірлік деңгейде де енгізу жоспарланып отыр.

«Цифрландыру мемлекеттік салада ғана емес, экономиканың барлық саласында қолданылуы тиіс. Сондықтан әр әкімдікте осы бағытқа жауапты орынбасар болғанын көздеп отырмыз», — деді Досжан Мұсалиев.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→