Сол кезеңде олардың жиынтық табысы 36 трлн долларды, ал 2040 жылға қарай 74 трлн долларды құрауы мүмкін.
Зерттеуде зумерлердің қазіргі шығындары орташа көрсеткіштен жоғары екені айтылған. Әсіресе, олар күнделікті қажетті тауарларға, сондай-ақ саяхат пен ойын-сауыққа көп қаржы жұмсайды. Кей жағдайда шығын көлемі жинақталған қаражаттан екі есеге дейін асып түседі.
Сонымен қатар сауалнама нәтижесіне сәйкес, Z ұрпағы өкілдерінің 32 пайызы өздерін ата-аналарымен салыстырғанда дәл сол жаста қаржылық мақсаттарға жету жағынан артта қалып қойғандай сезінетінін айтқан.
Сарапшылардың пікірінше, зумерлердің экономикалық белсенділігі алдағы онжылдықтарда әлемдік қаржы нарықтарына айтарлықтай ықпал етуі мүмкін.