Қазіргі жағдайға байланысты белгілі болған негізгі жайттар мыналар:
– Наразылық білдірушілер елдегі инфляцияның күрт өсуіне және ұлттық валютаның құнсыздануына наразы. Соңғы мәліметтерге сәйкес, иран риалының АҚШ долларына шаққандағы бағамы екі есеге төмендеген;
– Алғаш болып көшеге дүкен иелері шыққан. Кейін оларға студенттер қосылған. Билік өкілдері наразылық білдірушілермен диалог жүргізілгенін айтқанымен, оның нақты мазмұнын жарияламаған;
– The Times басылымының жазуынша, Иранның рухани көшбасшысы Әли Хаменеи елдегі жағдай ушыға түссе, Тегераннан эвакуациялану жоспарын дайындаған. Газет дерегіне сүйенсек, ол астанадан 20 адамнан тұратын отбасы мүшелері мен көмекшілерімен бірге кетуді көздейді. Кей ақпараттарда Хаменеи бұрынғы Сирия президенті Асад секілді Мәскеуге кетуі мүмкін деген болжам айтылған;
– АҚШ президенті Дональд Трамп күні кеше мәлімдеме жасап, егер Иран билігі наразылық білдірушілерді өлтіруге бұйрық берсе, АҚШ «өте ауыр соққы жасайтынын» ескертті.