weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақ футболы қара жамылды: Марат Есмұратов өмірден өтті

5 қаңтар күні 64 жасқа қараған шағында қазақстандық футболдың көрнекті өкілі, Қызылорданың «Қайсар» клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қорғаушысы, бапкер Марат Есмұратов дүниеден өтті. 

Қазақ футболы қара жамылды: Марат Есмұратов өмірден өтті

«Қайсар» клубының баспасөз қызметінің мәліметінше, Марат Есмұратов ұзақ жылдар бойы команда ішінде беделі биік, әріптестері құрмет тұтқан тұлға болған.

Ол қызылордалық клубтың тарихындағы маңызды кезеңдердің бірінде капитандық тізгінді ұстады. Дәл оның капитандық еткен кезеңінде «Қайсар» 1998/99 маусымында Қазақстан Кубогын жеңіп алып, тарихи жетістікке қол жеткізді.

Марат Жалғасұлы кәсіби футболдағы жолын 1979 жылы шымкенттік «Мелиоратор» клубында бастады. Кейін «Қайрат», «Ақтөбе», «Ордабасы-СКИФ» командаларында өнер көрсетті. Футболшы ретіндегі мансабын 2001 жылы «Қайсар» сапында аяқтады.

1992 жылдың 1 маусымында Алматыда Қазақстан ұлттық құрамасы тарихындағы алғашқы ресми ойынын Түрікменстан құрамасына қарсы өткізді. Сол тағдырлы кездесуге Марат Есмуратов та қатысты. Ол ұлттық құрама сапында барлығы жеті матч өткізген. Кейіннен бапкерлік қызметке бет бұрды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→