Жергілікті тұрғын полицияға «Ақсу қант зауыты» аумағында тұрған Toyota Camry маркалы көлігінің жоғалғаны жөнінде арызданған. Жедел-іздестіру шаралары барысында құқық қорғау органдары 21 жастағы күдіктіні қолға түсірді.
Ұрланған көлік тәркіленіп, қысқа мерзім ішінде заңды иесіне қайтарылды. Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті жігіт көлікті әріптесінен рұқсатсыз алып, қызға бару үшін пайдаланған.
Полиция өкілдері көлік құралын заңсыз иелену қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды. Атап айтқанда, мұндай әрекет үшін:
– 1 000 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл салу;
– сол мөлшерде түзеу жұмыстары;
– 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар;
– 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу;
– немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.