Үздіктер тізіміне түрлі елдерден тағы тоғыз команда кірді. Атап айтқанда: «Лиссабон» (Португалия), «Бинтанг Тимур Сурабая» (Индонезия), «Бока Хуниорс» (Аргентина), «Хонгем Тахам» (Таиланд), «Джарагуа»(Бразилия), «Катания» (Италия), «Пальма» (Испания) және «Пеньяроль» (Уругвай).
Осылайша, «Қайрат» 2025 жылы ресми түрде әлемдегі үздік он клубтың қатарына енді. Сыйлық иегері 7 қаңтар күні салтанатты рәсімде белгілі болады.