weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қытайда 21 жыл бұрын ұрланған бала туған отбасына қайта қауышты

Қытайда 21 жыл бұрын ұрланып кеткен бала туған ата-анасымен қайта табысты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы  South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.

Қытайда 21 жыл бұрын ұрланған бала туған отбасына қайта қауышты
Фото: Forbes.kz

Оқиға Бейжің қаласында 21 жыл бұрын болған. Төрт жасар Пэн Цунцунды қылмыскерлер ұрлап, басқа отбасына сатып жіберген. Балаға жаңа есім беріліп, ол Чжан Кунь атымен Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында өскен.

Осы жылдар бойы биологиялық ата-анасы ұлын табу үшін үздіксіз іздеу жүргізгенімен, әрекеттері нәтиже бермеген. Тек арада екі онжылдықтан астам уақыт өткен соң, ДНҚ-тестілеудің арқасында оның кім екені анықталды.

Полиция қызметкерлері ер жеткен азаматқа оның биологиялық отбасы табылғанын хабарлаған сәт ерекше толқумен өтті. Ол бірден Бейжіңге жол тартып, өзін көп жыл күткен әке-шешесімен және екі қарындасымен қауышты.

«Соңғы 20 жыл бойы ата-анам кінә мен жан азабын арқалап өмір сүрді. Енді оларды саяхатқа апарып, дәмді тағамдармен қуантуға тырысып жүрмін. Бізден ұрланған уақыттың орнын біртіндеп толтырғым келеді», — дейді ол.

Айта кетерлігі, Пэн Цунцун өзін тәрбиелеп өсірген отбасымен барлық байланысын толық үзген.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→