weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
4 қаңтар, 2026 / Арайна Арайқызы / Шоубиз
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Әке-шешесі Турсен мен Баяша»: Баян Алагөзова ұлды болды ма?

Танымал әнші Айша Байбосынова қуанышты жаңалығын әлеуметтік желіде бөлісті.

«Әке-шешесі Турсен мен Баяша»: Баян Алагөзова ұлды болды ма?

Әншінің айтуынша, 26 желтоқсанда дүниеге ұл сәби келген.

«26 желтоқсанда шекесі торсықтай ұлым өмірге келді. Аллаға шүкір, сабырмен күткенге берілетін сый да ерекше екен. Бұл бала – өміріме келген үлкен аманат, маңдайыма жазылған ең тәтті бақ», – деп жазды ол.

Айша Байбосынова баласының кіндік әке-шешесі ретінде Тұрсын және Баян Алагөзовтерді таңдағанын айтты. Сондай-ақ сәбиіне Тұрсынғали есімі берілгенін жеткізді.

«Балапанымның кіндік әке-шешесі – өмір мен өнер жолында әрдайым жанымыздан табылған, отбасылық жақын достарымыз Тұрсын мен Баян. Сәбиімізге азан шақырып Тұрсынғали деген есім қойдық. Бұл – тағдыр тоғыстырған сыйлы жандарға деген құрметіміздің, жылдармен бекіген достық пен сенімнің белгісі», – деп жазды әнші.

Өнер иесі ұлына ақжарма тілегін арнап, оның жомарт, мейірімді, елге сыйлы азамат болып өсуін тілеген. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→