«Махаббат туралы мәңгілік әнді білмейтін қазақ жоқ шығар. Өйткені шынайы сезім ешқашан ескірмейді, керісінше жылдар өте келе тереңдеп, мағынасы арта түседі. Нәзік сезім мен ғашықтықтың символына айналған, Ескендір Хасанғалиевтің музасы әрі өмірлік жары болған Дарико апайымызды Жаңа жылмен құттықтап, арнайы сәлем беріп, батасын алып қайттық. Дарико апай — сабыр мен сұлулықты, нәзіктік пен парасатты бойына тоғыстырған асыл жан. Ол «әйелдік сұлулықтың эталоны» ұғымын тірі бейнесімен айшықтайтын тұлға. Осындай аналардың ақ батасы — ұрпаққа қалатын аманат, жүрекке құятын жарық», — деп жазды Альбина Қапсәлім.