Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан видео тарады: кіреберіс есіктің алдында жас жігіт жатыр, баспалдақта және оның жанында қан іздері көрінеді. Куәгер полиция мен жедел жәрдем бригадасын шақырған.
Өңірлік полиция департаментінің хабарлауынша, түскен қоңырау бойынша құқық қорғау органдары оқиға орнына дер кезінде жеткен.
Полиция мәліметінше, екі дос спирттік ішімдік ішкеннен кейін араларында жанжал шыққан. Ұрыс барысында ер адамдардың бірі танысының аяғына пышақпен жарақат салған. Алайда жарақаттың тесіп өтпегені нақтыланады.
Сондай-ақ полицияда жәбірленушінің арыз жазудан бас тартқаны хабарланды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 108-1-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Санкция 200 АЕК-ке дейін (865 000 теңге) айыппұл салуды, сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе 50 тәулікке дейін қамауға алуды көздейді.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасында 1990 жылы туған науқастың жедел жәрдем бригадасымен «Оң жақ санның кесілген жарасы» диагнозымен жеткізілгені хабарланды. Дәрігерлер тексергеннен кейін жәбірленуші амбулаториялық емдеуге жіберілген.