Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға Ғабит Мүсірепов көшесінде орналасқан жеке үйлердің бірінде болған. Алдын ала дерек бойынша, спирттік ішімдік ішу кезінде 43 жастағы әйел мен оның 51 жастағы азаматтық жұбайы арасында жанжал туындаған.
Қақтығыс барысында ер адам ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Әйелдің айтуынша, жанжал кезінде ер адам суық қаруды қолына алған, ал ол оны тартып алып, соққы жасаған. Аталған деректер қазір тексеріліп жатыр.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.