Жаңалықтар

Жаңа жыл түні Алматыда неше сәби өмірге келді

Алматыда Жаңа жылға қараған түні 21 сәби дүниеге келді. Бұл туралы қала әкімдігінің Ішкі саясат басқармасына қарасты Қоғамдық даму орталығы мәлімдеді.

Жаңа туған нәрестелердің 12-сі қыз, 9-ы ұл.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні ел бойынша медициналық мекемелерде 725 сәби туғаны хабарланған болатын. Олардың ішінде жеті егіз бар.

16 желтоқсан күні дүниеге келген нәрестелердің 362-сі ұл, ал 363-і қыз болған.

Бұған дейін 2025 жылы балаға қандай есімдер жиі қойылғанын жазғанбыз.