weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

6 баланы қағып кеткен жүргізуші 9 жылға сотталды

Жүргізуші эпилепсиямен ауырған.

6 баланы қағып кеткен жүргізуші 9 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөз

Абай облысында Бестерек ауылында болған, төрт баланың қаза табуына әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша сот процесі аяқталды. Сот 55 жастағы жүргізушіні кінәлі деп таныды.

Коллаж: Stan.kz

Ер адам жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне себепкер болғаны үшін сотталды. Оған ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Қайғылы оқиға 2025 жылдың 19 тамызында болған. Toyota маркалы автокөлік жүргізіп келе жатқан ер адамның кенеттен эпилепсия ұстамасы ұстап, ол рөлге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан тұрғын үй ауласында ойнап жүрген балаларды қағып кеткен.

Екі бала оқиға орнында қаза тапса, тағы бірі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған. Кейінірек медициналық мекемеде тағы бір қыз бала қайтыс болды. Тағы екі бала жарақат алып, тірі қалған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→