Жанартаудағы жаңа белсенділік 27 желтоқсан күні түстен кейін басталған. Лава ағындары жүздеген метрге көтеріліп, түтін мен күл бағаны шыңнан бірнеше шақырым биіктікке дейін шарықтаған.
Қалың бұлттылыққа байланысты жанартауды бақылау қиынға соғып отыр. Дегенмен кей сәттерде камераға лава атқылаулары мен кратер үстіндегі жарқын жарқылдар түсіп қалады. Бұл көрініс әсіресе ымырт түсе айқын байқалады.
Этна жанартауында маусым айында да күшті атқылау болған.