Instagram-да Kazaktyn_kelini_melisa аккаунты арқылы жазба қалдырған келіншек қыз-келіншектерге ой саларлық кеңес айтты. Оның сөзінше, денеге қандай да бір эстетикалық өзгеріс жасатпас бұрын, жақсылап ойланып шешім қабылдау қажет.
«Бір келіншек дүниеден өтті. Оның жасанды тырнағы мен ерні болған. Жаназа алдында соларды алдыру үшін имам косметологты шақыртыпты. Косметолог көзіне жас алып: “Адам бұл дүниеден өткенде ештеңе алып кете алмайды екен, тіпті жасанды кірпік пен еріннің өзін алдырып жатыр”, – деп айтты», — дейді желі қолданушысы.
Бейнеде автор қазақстандық қыз-келіншектерге: «Сіздер де бірдеңе жасатпастан бұрын осыны ойлайсыздар ма?» деген сұрақ қояды. Оның пікірінше, сыртқы келбетке қатысты кез келген өзгеріске бармас бұрын бәрін таразылап, жақсылап ойланған жөн.