weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
27 желтоқсан, 2025 / Арайна Арайқызы / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

56 көлік соғылып, трассада жарылыс болды: қаза тапқандар бар

Жапонияның Гумма префектурасында сенбіге қараған түні 56 көлік соғылып, жол апаты болды. 

56 көлік соғылып, трассада жарылыс болды: қаза тапқандар бар
Report

Алдын ала деректерге сәйкес, Минаками қаласы маңындағы Канэцу автомагистралінде үлкен жүк көлігі жолда сырғып, тоқтап қалған. Оның артына ілесіп келе жатқан жеңіл көліктер тежеліп үлгермей соқтығысқан. Оқиға орнында өрт шыққаны да хабарланды.

Куәгерлердің айтуынша, апат еңісте әрі бұрылыс тұсында болғандықтан, артта келе жатқан жүргізушілер оқиғаны дер кезінде байқамаған. Қазір осы жол бөлігінде қозғалыс екі бағытта да уақытша тоқтатылды.

Жапон басылымдарының жазуынша, ірі жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, кемінде 26 адам зардап шеккен. Олардың бесеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілсе, қалған 21 адам жеңіл жарақат алған.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→