weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
25 желтоқсан, 2025 / Жанар Ғарифоллақызы / Тарих
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Абылай хан қалмақ тілін меңгерген – тарихшы пікірі

Абылай ханның сақталған хаттарының едәуір бөлігі қалмақ (тот-ойрат) тілінде жазылған. Бұл жөнінде тарихшы Дүйсенәлі Әбділәшімұлы айтты, деп хабарлайды newsroom.kz порталв e-history.kz-ке сілтеме жасап.

Абылай хан қалмақ тілін меңгерген – тарихшы пікірі
Фотолар:e-history.kz

Зерттеушінің айтуынша, қазақ пен жоңғар арасындағы қарым-қатынас тек қана үздіксіз соғыс пен қақтығыстардан тұрған деген түсінік шындыққа жанаса бермейді. Тарихи деректер екі халықтың арасында бейбіт кезеңдер де аз болмағанын көрсетеді. Шекаралас өңірлерде тілдік әрі мәдени байланыстар қалыптасқан. Осы жағдай Абылай ханның қалмақ тілін меңгеруіне ықпал етуі мүмкін.

Сонымен қатар, тарихшы Абылай ханның 1741 жылы жоңғарлардың қолына тұтқынға түскенін еске салады. Ол шамамен үш жылға жуық уақыт жоңғар жерінде болған. Абылайдың сол кезеңде нақты қайда және қандай жағдайда отырғаны туралы жазба деректер сақталмағанымен, бұл уақытты ол бос өткізбегені анық. Ғалымның пайымынша, хан дәл осы жылдары қалмақтардың жазу-сызуы мен тілін үйренген болуы ықтимал.

Тұтқыннан оралғаннан кейін Абылай ханның хаттарының бірқатары тот-ойрат жазуымен жазылғаны анықталған. Көне мұрағат құжаттарында жазбалар «мұсылманша» және «қалмақша» деп бөлінеді. Мұндағы «мұсылманша» – араб-парсы әліпбиі, ал «қалмақша» деп аталғаны – тот жазуы.

Тарихшының айтуынша, Абылай ханның Цинь империясына жолдаған хаттарының басым бөлігі дәл осы қалмақ жазуымен жазылған. Кейбір хаттарында хан дәрі-дәрмек сұратса, енді бірінде шекара асып кеткен қашқындар мен босқындарды өзара қайтару мәселесін көтерген.

Сондай-ақ 1768 жылы Қашғар ұлығына жіберілген Абылай ханның хаты да осы жазу үлгісінде жазылғаны анықталған. Бұл деректер сол дәуірдегі билік элитасының бірнеше тілді меңгергенін көрсетеді.

«Осы мәліметтердің барлығы сол заманның сарай тілінде көптілділік қалыпты құбылыс болғанын дәлелдейді. Ал Абылай хан – бірнеше тілді еркін пайдаланған тарихи тұлғалардың бірі», – дейді Дүйсенәлі Әбділәшімұлы.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→