Ведомство мәліметінше, екінші тоқсан аяқталуға жақын. Қысқы демалыс 2025 жылғы 29 желтоқсаннан 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін (қоса алғанда) жалғасады.
Министрлікте оқушылардың каникул кезіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығына ерекше назар аударылып отыр. Балалардың тұлғалық дамуына ықпал ету мақсатында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар қарастырылған.
Атап айтқанда, оқушыларға бос уақытында:
- кітап оқуға;
- музейлерге, көрме залдарына, ғылыми орталықтарға және тарихи орындарға баруға;
- спорттық ойындарға қатысуға, коньки мен шаңғы тебуге;
- қайырымдылық акцияларына және басқа да қоғамдық шараларға атсалысуға кеңес беріледі.
Сондай-ақ мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарына білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылған.
Министрлік балалардың қауіпсіздігі басты басымдық болып қала беретінін атап өтті. Осыған байланысты ата-аналармен бірлесіп, балалардың жол-көлік оқиғаларының алдын алуына, мектептегі ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, қоғамдық, өрт және киберқауіпсіздікке ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл ұсыныстар білім беру ұйымдарына әдістемелік нұсқаулық ретінде жолданған.