weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
21 желтоқсан, 2025 / Арайна Арайқызы / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«ЛГБТ насихатына тыйым салынды» – Мәжіліс депутаты

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға ресми түрде тыйым салынғанын мәлімдеді. 

«ЛГБТ насихатына тыйым салынды» – Мәжіліс депутаты
Азаттык

“ЕЛ БОЛАШАҒЫН ҚОРҒАҒАН ЗАҢ! Қазақстан Парламенті ЛГБТ насихатына ресми түрде тыйым салды! 2025 жылғы 12 қараша күні, Мәжіліс – екінші оқылымда мақұлдады. Сенат – бүгін толық қолдап мақұлдады. Не өзгерді? ЛГБТ насихатын, әсіресе балаларға бағытталған контентті тарату – ЕНДІ заңмен ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ. Жасөспірімдердің психикалық, әлеуметтік және моральдық қауіпсіздігін қорғау – басты мақсат. Бұл тыйым – бұқаралық ақпарат құралдарына, әлеуметтік желілерге, жарнама мен мәдени өнімдерге қатысты. Халық не дейді? 87% қазақстандық бұл бастаманы қолдайды (Eurasian Monitor). Жаңа заң – дәстүрлі отбасы мен ұлттық құндылықтарды қорғауға бағытталған. ЛГБТ белсенділерінің радикалды перфоманстары (мысалы, Түркістандағы өз символдарын насихаттау) – қоғамды ашындырды. Бұл не үшін қажет болды? Көптеген елдерде ЛГБТ насихаты артқан сайын туу көрсеткіші күрт төмендеп, психологиялық тұрақсыздық пен отбасылық институт әлсіреп бара жатыр. Ой саларлық сұрақ: Ертең сіздің балаңызға мультфильмнен, әннен немесе кітаптан ЛГБТ "жаңа норма" деп ұсынылса – не істер едіңіз? Бұл заң – ешкімнің құқығын шектемейді, бірақ қазақ қоғамының болашағын, баланы, отбасыны қорғайды. Енді құжат Президентке қол қоюға жіберілді. Бұл – ұлт рухы мен мемлекет ұстанымын айқындайтын тарихи шешім!”,- деп жазды Еділ Жаңбыршин.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→