weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Адам құқықтарын бұзады: құқық қорғаушылар ЛГБТ-ге қатысты заңды қабылдауға қарсы

Құқық қорғау ұйымдары Қазақстандағы «ЛГБТ-насихатқа тыйым салу» жөніндегі заң жобасына қарсы шықты. Олар бұл бастама адамның негізгі құқықтарын бұзады және елдің халықаралық міндеттемелеріне қайшы келеді деп мәлімдеді.

Адам құқықтарын бұзады: құқық қорғаушылар ЛГБТ-ге қатысты заңды қабылдауға қарсы

Қазан айының соңында Мәжілісте «ЛГБТ-насихатты» шектеуге бағытталған түзетулер талқыланған. Депутаттар қоғамда ЛГБТ тақырыбына қатысты кез келген ақпаратты таратуға және өз қатыстылығын жариялауға тыйым салуды ұсынған. Алайда «насихат» ұғымының нақты анықтамасы берілмеген.

29 қазанда Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова гейлер мен лесбиянкалардың әрекетін «насихат» деп атап, олардың қоғамдық көріністеріне қарсы пікір білдірген. Оның айтуынша, бұл «балаларды қорғау мақсатында» жасалуы тиіс.

11 қарашада бірқатар халықаралық құқық қорғау ұйымдары — Human Rights Watch, Civil Rights Defenders, Международное партнёрство по правам человека және басқа ұйымдар — бұл шешімге қарсы бірлескен мәлімдеме жасады.

«Ұсынылған түзетулер қабылданған жағдайда, олар адамның негізгі құқықтарын бұзып, ЛГБТ өкілдерінің осалдығын күшейтеді», — делінген Civil Rights Defenders сайтындағы хабарламада.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, заң жобасы Қазақстанның халықаралық адам құқықтары саласындағы міндеттемелеріне қайшы келеді және балалардың білім алу, денсаулық сақтау мен ақпаратқа қол жеткізу құқықтарын шектейді.

«Қазақстан демократиялық қоғам орнатуға ұмтылады. Ал ешбір демократиялық елде кемсітушілік пен адамның құқығын шектейтін заңдарға орын жоқ», — делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін де отандық белсенділер ЛГБТ қауымдастығын қорғап, мұндай бастамалар осал топтарға қарсы стигматизацияны күшейтеді және қоғамның нақты әлеуметтік проблемаларынан назарды бұрады деп мәлімдеген.