Аллын күні сауда сессиясын 833 теңгемен аяқтаған Air Astana акциялары 18 желтоқсан күні Астана уақытымен 14:55-те 810 теңгеге дейін төмендеді.
17 желтоқсан күні таңертең Алматыдан Астанаға бағыт алған рейс салон ішінде түтін пайда болуына байланысты әуежайға шұғыл қайта оралып, MAYDAY дабылын жариялаған. Ал 18 желтоқсанда Алматы – Бангкок бағытымен ұшқан әуе кемесі техникалық ақауға байланысты Үндістанның Дели қаласындағы әуежайға мәжбүрлі түрде қонды.
Айта кету керек, бұл оқиғаларға дейін де компанияның бағалы қағаздары қысымға түскен еді. Британдық мажоритар акционер өз үлесін сатуы мүмкін деген ақпараттан кейін Air Astana акциялары арзандап, соңғы екі айдағы ең төменгі деңгейге жеткен. Нәтижесінде BAE Systems қорғаныс концернінің еншілес құрылымы – BAE Systems (Kazakhstan) Limited әуе компаниясындағы 10,1 пайыз үлесін сатты.