Мемлекет басшысы балуанның Жапонияда білім алып, соңғы он жыл бойы әлемдік деңгейде табысты өнер көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Ерсін Балтағұл күншығыс елінің ең дәстүрлі спорт түрлерінің бірінде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония императоры Нарухитомен болған қабылдау барысында қазақстандық сумошының жетістіктері де сөз болғанын жеткізді.
Айта кетейік, Кимбодзан есімі Кумамото префектурасының үстінен бой көтеріп тұрған таудың атауынан алынған. Бұл өңір — атақты жаттықтырушы, өз сумо мектебінің негізін қалаған ояката Кисэнің туған жері.