weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Трамп BBC-ге қарсы «соғыс» ашты: 5 млрд доллар талап етті

АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Флорида штатының Оңтүстік округтік сотына британдық BBCмедиакорпорациясына қарсы жала жабу дерегі бойынша талап-арыз түсіріп, кемінде 5 млрд доллар көлемінде өтемақы өндіруді сұрады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Трамп BBC-ге қарсы «соғыс» ашты: 5 млрд доллар талап етті

Трамптың шағымына BBC материалында оның сөзінен үзінділердің әдейі бұрмаланып берілуі себеп болған. Президенттің айтуынша, мұндай монтаж қоғамда оның жақтастарын Капитолийді басып алуға шақырды деген жалған әсер қалдырған.

Агенттік мәліметінше, мемлекет басшысы өзі «жалған әрі әділетсіз» деп санайтын медиаматериалдарға қарсы күресте «халықаралық майдан ашқан».

Даулы эпизод BBC-дің Panorama бағдарламасында көрсетілген. Трамп бұл шығарылымда өз бейнесі «жалған, жалаға құрылған, адастыратын, абыройға нұқсан келтіретін, арандатушылық және қасақана берілген» деп санайды. Бағдарлама 2024 жылғы президент сайлауына бір апта қалғанда эфирге шыққандықтан, ол мұны сайлау процесіне ықпал ету әрекеті деп бағалап отыр.

Дональд Трамп BBC-ге осындай көлемде талап қою ниетін бұған дейін де жариялаған. Медиакомпания оған арнайы хат жолдап, кешірім сұрағанымен, қаржылай өтемақы төлеуден бас тартатынын ескерткен.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→