weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Көлікті қанша минут қыздыруға болады? Мәжіліс маңызды түзетуді мақұлдады

Мәжілістің кезекті пленарлық отырысында депутаттар цифрландыру, көлік және кәсіпкерлікке қатысты заңнамалық өзгерістер топтамасын мақұлдады. Соның ішінде жол қозғалысын реттеуге бағытталған маңызды түзету бар.

Көлікті қанша минут қыздыруға болады? Мәжіліс маңызды түзетуді мақұлдады
Фото: Drive2

Жаңа нормаға сәйкес, қозғалтқышы қосулы тұрған механикалық көлік құралын әкімдіктер белгілеген уақыттан артық қоюға тыйым салынады. Бұл талап әр өңірдің ерекшелігіне қарай жеке айқындалады: облыстарға, республикалық маңызы бар қалаларға және елордаға арналған уақыт шектеуі бөлек бекітіледі.

Аталған шектеу электромобильдерге, сондай-ақ жедел және арнайы қызметтерге тиесілі көлік құралдарына қолданылмайды.

Осылайша, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен өңірлердің әкімдіктері автокөлікті қанша минут қыздыруға болатынын жергілікті климаттық және өзге де жағдайларды ескере отырып, өздері белгілейтін болады.

Мәжілістің ресми сайтында хабарланғандай, заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленіп, мақұлданғаннан кейін Сенаттың қарауына жолданды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→