Род-Айленд штатының Провиденс қаласында орналасқан оқу орнында белгісіз тұлға қару қолданып, оқ атқан. Қазіргі таңда оқиғаның нақты себептері мен зардап шеккендер саны ресми түрде расталған жоқ.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, кейбір дереккөздер 8 адамның қаза тапқанын хабарласа, өзге ақпарат көздері 20-дан астам адамның жарақат алғанын мәлімдеуде.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, күдікті ұсталған.