weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 желтоқсан, 2025 / Арайна Арайқызы / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Әр нәрсе өз жөнімен болсын»: Нұрлан имам тағы да дауға қалды

Жаңа жыл мерекесі таяған сайын қоғамда оны атап өтуге қатысты түрлі пікірлер айтылып, бұл мәселе төңірегінде талқылаулар жиілеп келеді.

«Әр нәрсе өз жөнімен болсын»: Нұрлан имам тағы да дауға қалды

Кей жағдайларда мұндай пікірталастар адамдардың бір-бірімен сөзге келуіне де себеп болып отыр. Осыған байланысты имам Нұрлан Асанов аталған тақырыпқа қатысты өз көзқарасын білдірді. 

Имамның айтуынша, ислам дінінде Жаңа жыл, Наурыз, Конституция күні немесе Республика күні сияқты мемлекеттік мерекелер арнайы діни мейрам ретінде бекітілмеген. Алайда «дінде жоқ» деген себеппен мұндай күндерді толықтай жоққа шығарып, қоғамнан аластату дұрыс емес.

Нұрлан Асановтың пікірінше, мұндай ұстаным қоғамның бөлінуіне алып келіп, ұлттық бірлікке кері әсер етуі мүмкін.

«Біз зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Әр зайырлы елдің өзіне тән мерекелері болады. Сондықтан әр нәрсе өз орны, өз ретімен болғаны жөн», – деді ол.

Сонымен қатар имам адамдарды бір-бірін «кәпір», «дінсіз» деп айыптаудан аулақ болуға шақырып, сабыр мен өзара түсіністіктің маңызын атап өтті. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→