weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Доллар ма, депозит пе? Миллиардер Турлов таңдау жасады

Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы және негізгі акционері Тимур Турлов қазіргі жағдайда қазақстандықтарға долларды 500 теңгеден сатып алудан гөрі теңгемен рәсімделетін ұзақ және орта мерзімді депозиттерді, сондай-ақ мемлекеттік немесе корпоративтік бағалы қағаздарды таңдаған тиімдірек екенін айтты.

Доллар ма, депозит пе? Миллиардер Турлов таңдау жасады

Оның сөзінше, банктер ұсынған жылдық 20%-ға дейінгі табыстылықты қазірден бекітіп алу доллар курсына үміт артуға қарағанда әлдеқайда пайдалы.

«Егер қазақстандықтардың орнында болсам, доллар сатып алмас едім. Оның орнына жоғары табысты депозит ашып, мемлекеттік немесе корпоративтік бағалы қағаздарға ақша салған дұрыс. Ұзақ мерзімге жоғары табыс бекіту – доллар алудан көбірек пайда әкеледі. Өйткені келесі жылы доллар 600 теңге болады деу – екіталай», – деді Турлов.

Ол атап өткендей, депозиттер, мемлекеттік және корпоративтік облигациялар 500 теңге бағамен алынған доллардан артық табыс береді.

«Қазір қаражатты банкке салсаңыз, ірі банктер жылдық 20% ұсынып отыр. Қаржы министрлігінің теңгемен қарыз тартуы доллармен салыстырғанда көбірек екенін ескерсек, сіз 500 теңгелік доллардың орнына жылына 100 теңге пайыздық табыс аласыз. Бұл – әлдеқайда тиімді инвестиция», – деді кәсіпкер.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→