weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Олжас па, Трамп па –  Нобельге кім лайық? Махат Садық пікір білдірді

Қоғам қайраткері, журналист Махат Садық әлеуметтік желіде келер жылғы Нобель сыйлығына қатысты өз пікірін бөлісті. Оның айтуынша, Нобель сыйлығына  Олжас Сүлейменов өзі сұранып жүрген Дональд Трампқа қарағанда лайықтырақ. 

Олжас па, Трамп па –  Нобельге кім лайық? Махат Садық пікір білдірді

Махат Садықтың жазуынша, тарихи тұрғыдан Нобельдер әулетінің Қазақстанмен байланысы бар. XIX ғасырдың соңында Нобельдер Атырау өңіріне келіп, мұнай өндірісін жолға қойғаны белгілі.
Ол кезде жергілікті беделді азаматтарға бірнеше Ford автокөлігін сыйға берген, ал қазақ әйелдері «Зингер» тігін машиналарын қолдана бастаған. Атыраудың кей аумағынан Нобель аты жазылған ескі өндірістік құрылғылардың қалдықтары да табылған.

«Сол себепті де Олжекеңе Нобель бұйырып қалуы әбден мүмкін. Ал Трамптың алдында әлі 2–3 жыл уақыт бар. Тақтан кеткен соң да алып қалуы мүмкін, оны Швед академиясындағы замандастары шешеді», – деп жазады ол.

Махат Садықтың Facebook парақшасынан

Махат Садық желідегі оқырмандарын Олжас Сүлейменовтің кандидатурасын қолдауға шақырып, пікір қалдыруды өтінген.

«Стокгольмдегі өзім секілді беделді журналист досыма осы жазбаны жіберейін, комиссиядағы туыстарына құлаққағыс етер», – дейді ол әзілмен.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→