Өскемендегі көпір опырылғаннан кейін басқарма басшысы қызметтен босатылды
Өскемендегі көпір құлағанынан кейін көлік және жол қозғалысы басқармасының басшысы қызметінен босатылды
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі хабарлағандай, осы оқиғаға байланысты тексеруді ҰҚК мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізген. Тексеру нәтижесінде Данияр Уахитовтың жұмысында бірқатар заңбұзушылық анықталып, материалдар құқықтық баға беру үшін уәкілетті органдарға жолданды.
Сонымен қатар Уахитов өз қызметінен босатылды. Басқарманы уақытша Нариман Алмасұлы басқаратын болды.
Үлбі өзені арқылы өтетін көпірдің бір бөлігі биыл 1 қыркүйекте опырылып түскен еді. Нысан бұған дейін жөндеуге жабылып, қайта ашылғанына бірнеше ай ғана болған.
Апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Билік ескі көпірді жөндеуден өткізудің орнына жаңа көпір салу туралы шешім қабылдады.