weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Құс тұмауы адамзатқа COVID-19-дан да қатерлі болуы мүмкін: Ғалымдар дабыл қақты

Франциядағы Пастер институтының Тыныс жолдары инфекциялары орталығын басқаратын Мари-Анн Рамей-Вельти құс тұмауы вирусының адамзат үшін аса қауіпті бола алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz Gazeta.ru-ға сілтеме жасап.

Құс тұмауы адамзатқа COVID-19-дан да қатерлі болуы мүмкін: Ғалымдар дабыл қақты
фото: scitechdaily.com

Маманның айтуынша, жоғары патогенді H5 штамы соңғы жылдары әлем бойынша жүздеген миллион құстың жойылуына, азық-түлік тізбегінің бұзылуына және бағаның өсуіне әкелді. Бұл вирустың адамға жұғуы әзірге сирек кездеседі, алайда вирус сүтқоректілерге бейімделіп, адамнан адамға тарала бастаса, жағдай коронавирустан да қауіпті болуы мүмкін.

Рамей-Вельти атап өтеді: адамның H5 вирусына қарсы иммунитеті мүлде жоқ. Сондықтан бұл вирус клиникалық тұрғыдан дені сау, тіпті балаларға да әсер ете алады — дәл COVID-19 кезінде болғандай. Оның айтуынша, егер кең ауқымды таралу басталса, ықтимал құс тұмауы пандемиясы коронавирус пандемиясынан да ауыр өтуі мүмкін.

Қазірдің өзінде H5 вирусын жұқтырған адамдар тіркелуде. Мәселен, биыл қарашада АҚШ-тағы Вашингтон штатында алғаш рет H5N5 түрін жұқтырған науқас көз жұмды.

Дегенмен сарапшылар қазіргі әлем мұндай қауіпке бұрынғыға қарағанда жақсырақ дайындалғанын айтады. Вакцина жасау бойынша әзір кандидаттар бар, вирусқа қарсы препараттардың қоры жасақталған, ал өндіріс технологиялары бұрынғыдан әлдеқайда жетілдірілген.

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының ғылыми бөлім жетекшісі Грегорио Торрес алаңдауға негіз жоқ екенін атап өтті.

«Әзірге адамдар арасында жаһандық пандемия қаупі төмен. Қорқудың қажеті жоқ — табиғатта серуендеуге, тауық еті мен жұмыртқаны тұтынуға болады», – деді ол.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→