Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 наурыз, 2024 / Рысжан Амантай / Медицина

«60% адам үшін қауіпті» Құс тұмауы таралуына байланысты ғалымдар дабыл қағуда

Адамзат денсаулығы үшін өте қауіпті ауру болуы мүмкін

«60% адам үшін қауіпті» Құс тұмауы таралуына байланысты ғалымдар дабыл қағуда
Фото: bntu.by

Бұрын тек құстарға таралатын ауру сүтқоректілерге де қауіпті болуы мүмкін,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы reuters-ке сілтеме жасап.

2022 жылы Оңтүстік Америкада пайда болған H5N1 құс тұмауының өлімге әкелетін вирусы жабайы құстар мен теңіз сүтқоректілері арасында бұрынғыға қарағанда белсенді тарала бастады, бұл адамдарға үлкен қауіп төндіруі мүмкін.

Бұрын тек құстар арасында таралатын ауру сүтқоректілерге де жұқпалы деген дәлелдер үлкен алаңдаушылық туғызып жатыр. Бұл штамм Чили мен Перуде бірнеше дельфиндерді, жағалаудағы 50 мыңға жуық итбалықтар мен теңіз арыстандарын, сондай-ақ бүкіл аймақтағы жарты миллион құсты өлтірді.
Вирустың сүтқоректілерден сүтқоректілерге берілуін растау үшін ғалымдар тірі жануарларға тәжірибе жасауы керек.

"Қауіп орын ала бастады. Сүтқоректілер бір-біріне жұқтырып жатыр. Басқаша бұндай үлкен инфекцялар мен жойылуларды түсіндіре алмаймыз", – деді Ричард Вебби, Мемфистегі (Теннесси Штаты) Сент-Джуд зерттеу ауруханасының вирусологы.

Бұл алаңдаушылық Панамерикалық Денсаулық сақтау ұйымына (PAOZ) кіретін 35 елді осы аптада Рио-де-Жанейрода өтетін кездесуге аймақтық сарапшылар мен денсаулық сақтау шенеуніктерін шақыруға итермеледі.
Топ құс тұмауын бақылау және оған қарсы әрекет ету бойынша әлемдегі алғашқы өңірлік комиссия құруды жоспарлап отырған көрінеді.

Вирус алғаш рет Колумбияда 2022 жылдың қазан айында анықталғаннан бері континенттегі адамдарда екі жағдай тіркелді – біреуі Эквадор мен Чилиде. Екі жағдайда да адамдар вирус жұқтырған құстармен байланыста болды.
Бұл науқастар аман қалғанымен, H5N1 құс тұмауы бүкіл әлем бойынша шамамен 60% - адамдар үшін өлімге әкеледі.

Дәрі-дәрмек өндірушілері, соның ішінде GSK және Moderna, адамдар үшін құс тұмауына қарсы вакциналар жасап жатқанын және маусымдық тұмауға қарсы вакциналар жасау үшін өндіріс желілерін пайдалана отырып, бірнеше ай ішінде жүздеген миллион доза шығаруға қабілетті екенін айтты.