weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Өктем Алтаевтың ұлы Бағжан Октябрь «Дарын» мемлекеттік сыйлығын алды

Қазақ өнерінің жас толқынына тың серпін беріп жүрген талантты музыкант Бағжан Октябрь биыл «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығымен марапатталды. Бұл — оның жылдар бойғы еңбегінің, сахнаға адалдығының және өнерге деген шынайы құштарлығының жоғары бағалануы.

Өктем Алтаевтың ұлы Бағжан Октябрь «Дарын» мемлекеттік сыйлығын алды
Фото: instagram/ clvdeex

Бағжан Октябрь — белгілі мәдениет қайраткері Өктем Алтаевтың ұлы. Өнерге деген сүйіспеншілік, шығармашылық тәрбие және отбасының қолдауы оның кәсіби жолының негізгі тірегі болды. Кішкентайынан виолончельге жақын өсіп, алғашқы музыкалық білімін анасының жетекшілігімен алған Бағжан бүгінде үлкен сахналарда еркін өнер көрсетіп жүрген жас орындаушылардың бірі.

«Дарын» сыйлығын қабыл алу кезінде Бағжан бұл марапатты ата-анасына арнайтынын атап өтті.

«Мені дарынды етіп оқытқан, кішкентайымнан қолымнан жетектеп, өнер жолына бағыттаған анама, сондай-ақ ‘балам оқысын’ деп тынымсыз еңбек еткен әкеме арнаймын. Құттықтауларыңызға рақмет», — деп жазды ол.

Өктем Алтаевтың өнер жолы мен тәжірибесі, ал Бағжанның жаңа көзқарасты, заманауи орындаушылық стилі — қазақ музыкасының ұрпақ сабақтастығын көрсететін жарқын мысал. Әке бастаған өнер жолын ұл жаңа деңгейге көтеріп келеді.

Бағжан Октябрьдің «Дарын» сыйлығы — оның шығармашылық жолындағы жаңа белес және үлкен сенім.