Алайда полиция әзірге Шахзадаевтың қамауға алынуы туралы ресми мәлімет берген жоқ. Иманбайдың айтуынша, оған қатысты жедел-тергеу іс-шаралары басталған.
Жапа шеккен Ғалымжан Сүлеймен ота жасатып, қазір ауыр халде ауруханада жатыр. Қақтығыс барысында оның қолы мен мұрны сынғаны анықталды.
«Қылмыстың саралануына келсек, іс Қылмыстық кодекстің 107-бабының екінші бөлігіне жатады: алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған денсаулыққа қасақана зиян келтіру. Қазір осы бап бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Денсаулыққа қасақана, белгілі бір мотивпен, алдын ала келісім бойынша зиян келтірілгені, сондай-ақ оның бірнеше күн бойы жауапкершіліктен жалтарғанын ескерсек, жаза міндетті түрде бас бостандығынан айыру болуы тиіс. Біз соны талап етеміз», – деді юрист.
Бұған дейін хабарланғандай, дау әнге байланысты шыққан. Ғалымжан Сүлеймен мәселені шешу үшін әріптесінің үйіне барған, алайда оның сөзінше, соққыға жығылған.
«Оқиға кезінде Шахзадаевтың өзі мас күйінде болған», – деді адвокат Иманбай.
Желі қолданушылары арасында бұл жағдай қызу пікірталас тудырды: біреулер қатаң жаза талап етсе, енді біреулер екі тарапты да айыптап жатыр.
Пікірлерден:
«Ауыр соққы ғой, дені сау адамды қалай осылай сабайды? Не жетпейді бұларға?»
«Ертең мен де осы әнді тойда айтсам, мені де ұра ма? Жауапқа тартсын, не құқығы бар?»
«Жазасын алсын. Әділдік жеңуі тиіс»
«Ешқандай сыйластық қалмаған. Ұят жағдай. Өзара, еркектікпен шешулеріне болар еді. Нағыз ақымақтың әрекеті»