weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

«Аяусыз соққыға жыққан»: “Нұрмұқасан” тобының жаңа әншісі Мұқасаннан таяқ жеді

Белгілі “Нұрмұқасан” тобы тағы да даудың ортасында қалды. Бүгін топқа жуырда ғана қосылған жас әнші Ғалымжанның айтуынша, ол топтың бұрынғы мүшесі, көпшілікке танымал әнші Мұқасан Шахзадаевтан ауыр соққы алған. Оқиға жайлы ақпаратты Ғалымжан тікелей өзі хабарлаған.

«Аяусыз соққыға жыққан»: “Нұрмұқасан” тобының жаңа әншісі Мұқасаннан таяқ жеді

Оның сөзінше, оқиға бірнеше күн бұрын болған. Әншінің айтуынша, Мұқасан бірнеше адаммен бірге келіп, Ғалымжанды «аяусыз соққыға жыққан». Салдарынан жас өнерпаз бірнеше дене жарақатын алып, мұрны мен қолы сынған. Қазір ол ем алып жатыр.

Ғалымжанның айтуынша, жағдайдың ең ауыр тұсы – кінәлілердің жазадан құтылып кетуі мүмкін екендігі. Ол әділдікке қол жеткізе алмай қаламын деп алаңдаулы.

Желіде бұл оқиға үлкен резонанс тудырып, көпшілік “Жан Ахмадиев, назар аударыңыз”, “Нұрмұқасан тобы қайда бара жатыр?”, “Әділдік қажет” деген пікірлер қалдыруда.

Қазіргі уақытта оқиға бойынша ресми органдарға шағым түсірілген-түсірілмегені белгісіз. Ал халық болса, жағдайдың толық ашылуын және әділетті тергеуді талап етіп отыр.