Жаңалықтар

Біреу қателесіп ақша аударып жіберсе, қайтармаңыз - Ұлттық банк

Ұлттық банк «қате аударым» арқылы жасалатын алаяқтық көбейгенін мәлімдеп, азаматтарға ескерту жасады. 

«Алаяқтар жалған SMS жіберіп, «қателесіп ақша аудардым» деп қаражатты қайтаруды талап етеді немесе шын ақша аударып, үшінші тұлғаның шотына қайтаруды сұрайды», – делінген хабарламада.

Ұлттық банк азаматтарға ақшаның түскен-түспегенін тек ресми мобильді қосымшада тексеруге және белгісіз адамдарға ақша жібермеуге кеңес берді.

«Белгісіз біреулер қоңырау шалғанда деректер бермеу керек. Алаяқтық байқалса — банкке және құқық қорғау органдарына хабарлау қажет», – деді Ұлттық банк. 

Бұған дейін шатасып басқа біреу шотыңызға ақша аударып қойғанда не істеу керектігі туралы жазғанбыз.