Мемлекет басшысының сөзінше, қараша айында Әзербайжан аумағы арқылы Арменияға 1 мың тонна қазақстандық бидай жөнелтілді. Президент бұл қадамның саяси және экономикалық маңызы зор екенін атап өтті.
Тоқаев Әзербайжан басшысына санкцияларды алып тастап, ел аумағы арқылы екіжақты тікелей сауда жүргізуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдірді.
– «Арменияға жоғары сапалы астық өнімдерін және басқа да тауарларды тұрақты түрде жеткізуге дайынбыз. Осы бағыттағы жұмысқа күш-жігерімізді жұмылдыруға уағдаластық», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент екі ел арасында тікелей әуе рейстерін ашу және жүк тасымалдауды жолға қою маңызды міндеттің бірі екенін айтты.