Мемлекет басшыларының қатысуымен екі елдің ресми делегациялары үкіметаралық және ведомствоаралық бірнеше құжатпен алмасып, әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге уағдаласты.
Тараптар қол қойған құжаттар тізімі:
- Қазақстан мен Армения үкіметтері арасындағы құпия ақпаратты беру, пайдалану және қорғау жөніндегі келісім;
- Екі елдің дипломатиялық өкілдіктері үшін жер телімдерін өзара бөлу туралы келісім;
- 2026–2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жол картасы;
- Өнеркәсіп пен құрылыс саласындағы өзара іс-қимыл туралы меморандум;
- Жасанды интеллект және цифрландыру бағытындағы әріптестік туралы меморандум;
- Ауыл шаруашылығы өнімдері саудасын дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
- Қазақстан және Армения сыртқы істер министрліктерінің 2026–2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары;
- Денсаулық сақтау министрліктерінің 2026–2027 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспары;
- Қазақстан–Армения Іскерлік кеңесін құру туралы келісім;
- Екі елдің ұлттық кітапханалары арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум;
- Ұлттық киноны қолдау орталығы мен Армения кино қоры арасындағы әріптестік туралы меморандум;
- Ә.Қастеев атындағы өнер музейі мен Армения ұлттық галереясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы әріптестік туралы меморандум;
- Ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
- Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Армения СІМ-нің Дипломатиялық мектебі арасындағы әріптестік туралы келісім.