weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

3,5 трлн теңге қайда кетті? Қазақстандықтарға биыл қанша зейнетақы төленгені белгілі болды

Қазақстанда биылғы зейнетақы төлемдерінің көлемі жарияланды. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнеткерлерге 3 трлн 512,7 млрд теңге төленген.

3,5 трлн теңге қайда кетті? Қазақстандықтарға биыл қанша зейнетақы төленгені белгілі болды
Фото: Astana.tv

Оның ішінде:

  • Базалық зейнетақы – 1 трлн 137,2 млрд теңге
  • Солидарлық зейнетақы – 2 трлн 375,5 млрд теңге

2025 жылдың 1 қарашасындағы мәлімет бойынша, елдегі зейнеткерлер саны 2 млн 516 мың адамға жетті.

Орташа зейнетақы мөлшері – 142 744 теңге.
Соның ішінде:

  • Солидарлық – 95 167 теңге
  • Базалық – 47 577 теңге

Зейнетақы қалай өсті?

  • 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
  • Базалық зейнетақы 6,5%-ға,
  • Солидарлық зейнетақы 8,5%-ға өсті (яғни инфляциядан 2% озық).

Президент тапсырмасына сай 2023 жылдан бастап бес жыл бойы минималды базалық зейнетақы кезең-кезеңімен 70%-ға, ал максималдысы 120%-ға жеткізіледі.

2025 жылы:

  • Минималды базалық зейнетақы – 32 360 теңге (65%-дан 70%-ға өсірілді)
  • Максималдысы – 50 851 теңге (105%-дан 110%-ға көтерілді)

Зейнетақы неге әр адамда әртүрлі?

2018 жылдан бері базалық зейнетақы әр адамның жеке еңбек өтіліне қарай есептеледі.
Еңбек өтіліне мыналар кіреді:

  • 1998 жылға дейінгі солидарлық жүйедегі жұмыс өтілі
  • Міндетті зейнетақы жарналары аударылған барлық кезеңдер
  • Өтілі 10 жыл немесе одан аз адамдарға базалық зейнетақы тіршілік минимумының 70%-ы мөлшерінде белгіленеді. Әр қосымша жыл үшін +2% қосылады.

Мысалы:

20 жыл өтілі бар адам – 90%

30 жыл және одан жоғары – 110% (яғни ең жоғары мөлшер)

Жүйеге ай сайын тұрақты жарна аударған сайын, болашақ зейнетақының көлемі де соғұрлым жоғары болады.

Ал жасына байланысты негізгі зейнетақы мөлшері 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне (кемінде 6 ай болуы тиіс) және зейнеткерлікке дейінгі орташа табысқа байланысты есептеледі.