weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Түркістанда бір «Тойхана» мектеп боп шықты

Олжас Бектенов елдегі жеке мектептерді тексеру барысында заңбұзушылық анықталғанын айтып, білім жүйесін реттеуді тапсырды

Түркістанда бір «Тойхана» мектеп боп шықты
Иллюстрациялық фото: hxdbzxy / Getty Images

17 қарашада үкіметте өткен жиналыста білім беру саласын қаржыландыруға қатысты мәселелер қаралды.

Қаржы министрі Мәди Такиев осы салада атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

745 жеке мектептің 155-і мемлекеттік тапсырыс алып отырып, табыстарын жасырған.

Министрлік мәліметінше, Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы мектептердің бірі – тойхана ретінде, Шымкентте – сауда орталығы және тағы басқа деп көрсетілген.

64 мектепте оқушы саны екі есе артық. Мысалы, Алматы облысында 60 адамға есептелген жеке мектептердің біріне іс жүзінде 702 оқушы қабылданған. Астана қаласындағы 241 оқушыға арналған жеке мектептің құжатында 1003 адам.

«Жекеменшік мектептерде жалған мұғалімдер мен қосарланған қаржыландыру фактілері анықталды», – деп таратты үкіметтің баспасөз қызметі.

Енді Қаржы министрлігі OrtaBilim атты цифрлық сервис іске қосатынын мәлімдеді. Бұл жүйе 2026 жылдан бастап оқушылардан бастап құжаттарға дейін автоматты түрде тексеріп, қатаң бақылау орнатпақ. Премьер-министр Олжас Бектенов

«Жетер. Бұдан былай бірде-бір теңге алаяқтардың қалтасына түспеуі керек», — деп мәлімдеді.

Анықталған бұл «көлеңкелі индустрия» жойылуға тиіс, әйтпесе бүкіл реформаның мәні жоғалады.