weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Балалар арасында ересектерге тән ауру таралып барады: Ғалымдар дабыл қақты

Әлемде балалар гипертониясының саны өсіп келеді. Бұл туралы Lancet порталында жарияланған зерттеуде айтылған, деп хабарлайды newsroom.kz.

Балалар арасында ересектерге тән ауру таралып барады: Ғалымдар дабыл қақты
Фото: dzen.ru

Авторитетті медициналық басылымда: «Балалардағы гипертония бүкіл әлемде балалардың елеулі және жылдан-жылға артып келе жатқан бөлігін қамтып отыр», – делінген.

Зерттеушілер бұл үрдісті өмір салтының нашарлауымен және семіздіктің көбеюімен байланыстырады. Ғалымдар 443 914 баланың деректерін талдай келе, 2000–2020 жылдар аралығында балалар гипертониясының таралуы екі есеге жуық артқанын анықтаған: ұлдар арасында 3,4%-дан 6,53%-ға, қыздар арасында 3,02%-дан 5,82%-ға өскен.

Испания кардиология қоғамының президенті Игнасио Фернандес Лосано зерттеу қорытындылары мамандардың көп жылдан бергі бақылауын растайтынын айтады.

«Бұл – өте алаңдатарлық жағдай. Себебі біз балалар мен жасөспірімдердің жүрек-қантамыр жүйесі жылдан-жылға нашарлап бара жатқанын көріп отырмыз. Гипертония – негізінен ересектерге тән ауру. Оның жас балаларда байқала бастауы – өте қауіпті белгі», – деді ол.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, 2020 жылдың соңында әлемде 1,13 миллиард адам гипертониямен өмір сүрген. Олардың шамамен 40%-ы өз ауруы туралы білмейді, ал тек 10%-ы ғана ем қабылдайды.