weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Токио–2025: XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары ресми түрде ашылады

Бүгін, Жапонияның астанасы Токио қаласында, әлемдік спорт қауымдастығы үшін аса маңызды дода — XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді. Есту қабілеті зақымданған спортшылардың ең ірі халықаралық жарысы саналатын бұл ойындар төрт жылда бір рет ұйымдастырылып, инклюзивті спорттың дамуына үлкен серпін береді.

Токио–2025: XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары ресми түрде ашылады

Биылғы ашылу салтанатында Қазақстанның көк туын сурдо дзюдо спортынан еліміздің мақтаныштары, Қазақстан Республикасының спорт шеберлері, XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері Айдос Түгелбаев пен Анна Краморова алып шығатын болады. Бұл – ел намысын әлем алдында асқақтататын зор мәртебе.

Салтанатты шара Астана уақытымен 12:30-да басталады. Жарыстың ашылу рәсімін тікелей эфирде тамашалау мүмкіндігі бар:

YouTube: @tokyo2025deaflympics

Telegram: @deaf2025tokyo – мұнда ойындардан жедел фотосуреттер жарияланып отырады.

Биылғы Сурдлимпиада ауқымы да айрықша: 81 елден 3000-ға жуық спортшы 21 спорт түрінен 209 дисциплина бойынша бақ сынайды. Қазақстан ұлттық құрамасы да бұл додада лайықты нәтиже көрсетуге ниетті. Ел намысын 78 спортшы 8 спорт түрінен қорғайды.

Токио төріндегі тартысты бәсекелер ел үмітін ақтап, жаңа жеңістерге жол ашары сөзсіз. Ақ жол, қазақ спортшылары!