Ерболат Мұхамеджан — мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, танымал журналист әрі продюсер.
Ол әр жылдары еліміздің жетекші ұлттық телеарналарында жұмыс істеп, авторлық және сараптамалық бағдарламалар жасаған. Сонымен қатар, медиа саласында білім беру жобаларын бастамашы ретінде іске асырған.
Ерболат Мұхамеджанның кәсіби жолы тек журналистикамен шектелмейді. Ол жоғары білім және мемлекеттік басқару саласында да еңбек етіп, Maqsut Narikbayev University-де басшылық қызметтер атқарған, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі жүйесінде жұмыс істеген.
Сонымен қатар, ол Bloomberg TV арнасында (Гонконг пен Лондон қалаларында) кәсіби тағылымдамадан өткен, Еуропалық одақтың Брюссельдегі бағдарламаларына және World Journalists Forum (Оңтүстік Корея) жобасына қатысқан.