weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Президенттік резервтегі жаңа есім: Ақжан Жансейтова медицинаға цифрлы серпін бермек

Ақжан Мұхтарқызы Жансейтова 2025 жылғы Президенттік жастар кадр резервіне «Цифрландыру» бағыты бойынша енді, деп хабарлайды newsroom.kz.

Президенттік резервтегі жаңа есім: Ақжан Жансейтова медицинаға цифрлы серпін бермек
Фото: pro kadry.kz

Назарбаев Университетінің түлегі Ақжан Жансейтова биология саласы бойынша бакалавр (2016 ж.) және қоғамдық денсаулық сақтау бойынша магистр (2018 ж.) дәрежесін алған. Студенттік кезінен-ақ ол денсаулық сақтау жүйесін талдау мен жетілдіруге ерекше қызығушылық танытқан.

Ақжанның кәсіби жолы 2017 жылы University Medical Center (UMC) корпоративтік қорында басталды. Онда менеджер ретінде медициналық қызметтерге талдау жүргізіп, клиникалық технологияларды енгізу тиімділігін бағалау және клиника ішіндегі ұйымдастырушылық процестерді жетілдірумен айналысты.

2018–2023 жылдары ол Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында қызмет етіп, аналитиктен басқарма басшысына дейін өсті. Осы кезеңде медициналық көмектің көлемін жоспарлау, ішкі процестерді цифрландыру және денсаулық сақтау саласына заманауи аналитикалық шешімдерді енгізу бағытында маңызды жобаларға атсалысты.

2023 жылдан бері Ақжан Жансейтова Қордың ішкі процестерді автоматтандыру басқармасын басқарып келеді. Оның жетекшілігімен жасанды интеллект енгізу, пациенттерге арналған цифрлық сервистер құру және медициналық қызметтердің сапасын бақылау жүйелерін дамыту жобалары жүзеге асуда.

Ақжан Жансейтова — мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау, IT-шешімдерді біріктіру және деректерді талдау саласының сарапшысы.