weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Әлемдік байқау “Miss Universe 2025”-ке Қазақстан атынан кім қатысады?

Биыл әйгілі “Miss Universe 2025” халықаралық сұлулық байқауы Таиландтың астанасы Бангкокта өтеді. Бұл беделді додада Қазақстанның намысын Қостанай қаласының тумасы Дана Алмасова қорғайды.

Әлемдік байқау “Miss Universe 2025”-ке Қазақстан атынан кім қатысады?

21 жастағы бойжеткен — Miss Universe Qazaqstan 2024 тәжінің иегері. Ол осы атақ арқылы еліміздің ресми өкілі ретінде әлемдік сұлулық сахнасына жолдама алған.

Дана Алмасова Қостанайда дүниеге келіп, Түркиядағы Анадолы университетінде жоғары білім алған. Ол байқауға қатысудағы басты мақсатын:

“Мен қазақстандық қыздардың сұлулығын ғана емес, олардың рухани қуаты мен талантының да мықтылығын әлемге көрсеткім келеді. Өз елінің аруларын өз-өзіне сенуге және жаңа жетістіктерге ұмтылуға шабыттандырғым келеді”, — деп түсіндірді.

Бангкокқа аттанар алдында елордада оған арналған шығарып салу рәсімі өтті. Дана енді 19 қарашаға дейін қарқынды дайындық кезеңінен өтеді: репетициялар, фотосессиялар және түрлі мәдени шаралар жоспарланған.

Байқаудың ресми ашылу салтанаты 19 қарашада ұлттық костюмдер көрсетілімімен басталмақ, ал финалдық кезең 21 қарашада өтеді.

Айта кетейік, биылғы 74-ші “Miss Universe” байқауына 125-тен астам елдің қатысушылары жиналады.