— «Бізде әлемдегі ең көп ядролық қару бар. Ресей екінші орында, Қытай үшінші орында. Қазір олар алыста, бірақ бес жыл ішінде бізге жақындайды. Олар өте тез дамып жатыр, ал бізге денуклеаризация мәселесінде нақты шешім қабылдау керек. Біздің қаруымыз бүкіл әлемді 150 рет жарып жібере алады», — деді АҚШ басшысы.
Трамптың айтуынша, сынақтар қарудың тиімділігін тексеру үшін қажет. Ол сонымен қатар Ресей мен Қытай да осындай сынақтар жүргізіп жатқанын, бірақ оны көпшілікке жария етпейтінін айтты.
— «Ресей де, Қытай да сынақтар өткізіп жатыр, бірақ олар бұл туралы ашық айтпайды. Біз – ашық қоғамбыз. Біз басқамыз. Біз ашық түрде айтамыз. Иә, біз сынақтар өткіземіз, өйткені олар да өткізіп жатыр», — деп қосты АҚШ президенті.