Трамптың сөзінше, қазіргі таңда әлемде ең ауқымды ядролық арсенал АҚШ-та орналасқан. Ал Ресей екінші орында, Қытай болса алдағы бес жыл ішінде бұл мемлекеттермен деңгейлесуге жақындап келеді.
«Басқа елдер ядролық сынақтарын жалғастырып жатқандықтан, біз де өз арсеналымызды тең жағдайда тексеруді қолға алуымыз қажет. Қорғаныс министрлігіне жұмысты дереу бастау туралы тапсырма бердім», — деді АҚШ басшысы.