Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 15:02 / Перизат Ілес / Әлем

Түркияда Республика күніне 102 жыл толды

Түркияда жыл сайын 29 қазанда аталып өтетін Республика күні – 1923 жылы Түркия Республикасының жариялануын еске алуға арналған мереке,- деп хабарлайды newsroom.kz

Түркияда Республика күніне 102 жыл толды

29 қазан – Түркиядағы ең басты мемлекеттік мереке – Республика күні. Дәл осы күні, 1923 жылы, Түркия ресми түрде Республика деп жарияланған.

1920 жылғы 23 сәуірде түрік халқының ұлт-азаттық күресі кезеңінде Ұлы Ұлттық Мәжіліс (парламент) ашылды. Ол Түркия Республикасын жариялап, ел тарихында жаңа бетбұрыс жасады. «Билік – ешқандай шартсыз және шектеусіз халыққа тиесілі» деген сөздер мемлекеттік басқаруда ерекше орын алды.

Алайда Түркия Республикасы ресми түрде 1923 жылға дейін мойындалған жоқ. 1923 жылдың 24 шілдесінде Лозанна келісімшартына қол қойылып, Түркияның тәуелсіздігі халықаралық деңгейде танылды.

1923 жылдың 29 қазанында Мұстафа Кемал Ататүрік Түркияны ресми түрде Республика деп жариялады. Осыдан кейін парламентте дауыс беру өткізіліп, нәтижесінде Ататүрік бірауыздан Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып сайланды.

Түрік халқы Республика жарияланғанын 29 қазаннан 30 қазанға қараған түнде және 30 қазанда үлкен қуанышпен атап өтті. 1924 жылғы 26 қазандағы жарлықпен Республика жарияланған күнді 101 зеңбірек оғымен және ресми іс-шаралармен мерекелеу туралы шешім қабылданды. Ал 1925 жылғы 2 ақпанда Түркияның Сыртқы істер министрлігі 29 қазанды ресми мереке ретінде жариялауды ұсынды. 1925 жылғы 19 сәуірде Ұлы Ұлттық Мәжіліс 29 қазанды Түркияның ұлттық мейрамы деп бекітті.

Қазіргі таңда Түркия Республика күні кең көлемде тойланады. Мерекелік іс-шаралар әдетте 28 қазан күні түстен кейін басталады. Мереке күні ел бойынша ұлттық тулар ілінеді, мемлекеттік мекемелер мен оқу орындары демалысқа шығады. Мектептерде салтанатты жиындар өткізіліп, көшелерде мерекелік шерулер ұйымдастырылады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату