Экологтар ауаның құрамындағы зиянды заттар бойынша шекті нормадан бірнеше есе асқанын тіркеді. Бұл мәселе облыс әкімдігінде талқыланды.
«Ауаның жай-күйін бақылауға арналған жаңа жүйе сатып алу үшін тендер жарияланды. Оның құны — 498,5 млн теңге», — деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, экологтар үшін 65,5 млн теңгеге мобильді зертхана сатып алып жатыр. Ол қараша айында жеткізіледі дейді.
Қазір жағдайды «Қазгидромет» мекемесінің 10 бақылау бекеті мен зауыт құбырларындағы датчиктер бақылап отыр. Облыстық экология департаментінің мәліметінше, жыл сайын Өскеменнің ауасына 158 мың тонна лас заттар тарайды. Оның 50 мың тоннасы – ірі өнеркәсіп орындарынан екен.
Қалғаны 108 мың тоннасы – автокөлік пен жеке сектордан келеді.
Айта кетейік, Алматы да әлемдегі ауасы ең лас 5 қаланың қатарына кірді.