weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 қазан, 2025 / Жасмина Нурлан / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Америкалықтардың Трампқа сенімі азайып барады

АҚШ-та президент Дональд Трампқа деген халық сенімі күрт азайды. Ел азаматтары оның ел экономикасына, әсіресе күнделікті өмір сүру құнына әсер ететін шешімдеріне наразылық білдіруде.

Америкалықтардың Трампқа сенімі азайып барады
Фото: ашық дереккөз

Reuters пен Ipsos агенттіктері жүргізген соңғы сауалнамаға сәйкес, қазір америкалықтардың небәрі 40 пайызы ғана Трамптың қызметін қолдайды. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 2 пайызға төмен көрсеткіш. Ал президенттің жұмысына мүлде разы емес адамдардың үлесі 57 пайызға жеткен.

Сауалнама қатысушыларының басым бөлігі тұрғындардың шығындары өсіп жатқан шақта үкіметтің нақты әрекет етпеуін басты мәселе деп санайды. Респонденттердің 63 пайызы Трамптың экономикалық саясатын тиімсіз деп бағалаған.

Президент қызметке кіріскелі бері АҚШ-та инфляция деңгейі аздап өскен. Еңбек нарығының баяулауы да байқалады. Соның салдарынан АҚШ-тың Орталық банкі (ФРЖ) базалық мөлшерлемені төмендетуге мәжбүр болғанын Reuters атап өтеді.

Салыстыра айтқанда, Трамптың алдындағы президент Джо Байденнің ең төмен рейтингі 2024 жылдың мамырында тіркелген еді — ол кезде америкалықтардың бар болғаны 36 пайызы ғана оның жұмысын қолдаған.